Қоғам

Астанада ерекше балаларды ұрып-соққан тәрбиеші қамауға алынды

Сурет: istockphoto.com

Астанадағы даму ерекшеліктері бар балаларға арналған түзету балабақшасында балаларға күш қолданған әйелдің жеке басы анықталды. Ол аталған мекемеде көмекші тәрбиеші болып жұмыс істеген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған бейнежазба 2025 жылдың қазан айында түсірілген.

«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері түзету балабақшасында көмекші тәрбиеші болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция зардап шеккен балалардың ата-аналарын да анықтаған. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғыны мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалғанын мәлімдеген еді.

Көп оқылғандар