Жайық news

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Сурет: Threads/baimen_gaukhar

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдары тексеру нәтижесінде техникалық ақауы бар қоғамдық көлікті желіге қосқаны үшін автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Сондай-ақ жүргізуші де ақауы бар көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы оқиғадан кейін автобус бағыттан алынып, жөндеуге жіберілді.

Көп оқылғандар