Categories Қаржы

Астанада биыл 50 көше жөнделеді: 60 шақырым жол жаңартылады

Астанада биыл 50-ге жуық көше жөндеуден өтеді. Қала әкімдігі жол құрылысына кірісіп кетті. Жалпы ұзындығы 60 шақырым жол жаңартылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы жоспар бойынша ең ірі жобалардың бірі – Қабанбай батыр даңғылын кеңейту. Сонымен қатар, тұрғын алаптардағы шағын көшелер де жөнделеді.

«Біз жол сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Биылғы жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Жаңа технологиялар қолданылады», – деді әкім.

Қалалық жолдарды жаңартуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс.

Ұқсас жазбалар

Астана мен Алматыдағы шетел валютасының бүгінгі бағамы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы белгілі болды.

SpaceX IPO-сы 4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді

SpaceX IPO-сы 4,4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді, ал 400-ге жуық адам 100 миллион доллардан…

Астанадағы құрылыс дауы: күдікті неге бостандықта жүр

Астанадағы «KEN remont» компаниясына сеніп, миллиондаған теңге төлеген азаматтар ақшасын қайтара алмай жүр. Күдікті бостандықта…