Жайық news

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Сурет: istockphoto.com

Астана қаласында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол базарларда өзін ауылдан арзан ет жеткізуші ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, күдікті адамдардың сеніміне кіріп, алдын ала ақша алып, уәдесін орындамай алаяқтық жасаған. Осылайша ол тұрғындардың бірінен 3 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, делінген полиция хабарламасында.

Полиция азаматтарды сақ болуға, тек ресми сатушылардан тауар сатып алуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Көп оқылғандар