Сурет: Aikyn.kz
16 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады деп ескертілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аталған күні еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.
Тұман Астана, Алматы, Қонаев қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түседі.
Көктайғақ пен жол тайғақтығы Астанада, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болжанады.
Жаңбыр мен қар Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жауады.
Желдің екпіні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында күшейеді.
Мазмұнға өту
