Categories Қаржы

Астана әуежайында туристерге арналған көлік карталары сатылымға шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астана әуежайының халықаралық рейстерді қабылдау аймағындағы ақпараттық киоскте туристерге арналған көлік карталары сатыла бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл карталарды пайдалану үшін тіркелу немесе мобильді қосымшаны жүктеу қажет емес. Олар қоғамдық автобустардағы Avtobys валидаторлары арқылы жұмыс істейді.

Туристер үшін үш тариф қарастырылған: қызғылт сары карта (5 жол жүру, 1 550 теңге), көгілдір карта (10 жол жүру, 2 110 теңге) және көк карта (15 жол жүру, 2 650 теңге).

Жолаушылар сапар бағытын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы алдын ала жоспарлай алады. Жобаны Visit Astana, City Transportation Systems және Innoforce компаниялары бірлесіп жүзеге асырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда қызанақ әкелуге уақытша тыйым салу жоспарлануда

Қазақстан шетелден қызанақ импортын шектеуге дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін…

Құрылыс қарқыны артты, баға төмендей ме?

1 шілдеден бастап ипотека тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Құрылыс көлемі 14,5 пайызға өскенімен, тұрғын үй бағасы…

«Фридом Финанс» қорғаушысы «ҚазТАГ» агенттігімен даудың сотқа жету себебін айтты

Қазақстанда «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дау бойынша сот отырысы басталды. Осыған байланысты адвокат Назерке…