Сурет: redhairtravel
Аргентина үкіметі «алтын паспорт» бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама аясында шетелдіктер инвестиция арқылы ел азаматтығын ала алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Аргентинаның экономика және еңбек министрі Луис Капуто X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Аргентина — Оңтүстік Америкада осындай бастаманы енгізген алғашқы мемлекет.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер 350 мың доллар көлемінде қайтарымсыз жарна төлеуі немесе 800 мың доллардың мемлекеттік облигацияларын сатып алуы қажет. Өтініштерді қабылдау жыл соңында басталады. Оларды Аргентинаның Көші-қон басқармасы мен Ішкі істер министрлігі қарайды.
Financial Times газетінің жазуынша, Аргентина билігі бағдарлама аясында түскен қаражатты сыртқы қарызды өтеуге жұмсамақ.
Айта кетейік, АҚШ-та Трамп президент болғаннан бері шамамен 250 мың виза жойылды.
