Жайық news

Ақжайық ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Ақжайық ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру және алдын алу тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитова, комиссия мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік органдарда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін сапалы орындауы және жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстары қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, қоғамда адалдық құндылықтарын қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер айқындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі жетілдіру және белгіленген бағыттар бойынша нақты жұмыстар жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Көп оқылғандар