Әлем

АҚШ Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарды

Сурет: Reuters

АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шектеулі сериядағы Patriot Passport мерейтойлық паспорттарын шығара бастады. Құжаттың ішкі мұқабасында АҚШ президенті Дональд Трамптың портреті бейнеленген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, мерейтойлық паспорттар стандартты америкалық паспорттардағы барлық қорғаныс элементтерімен жабдықталған. Биыл мұндай 250 мың дана паспорт шығарылады.

Бастапқыда арнайы паспорттар тек Вашингтонда берілсе, енді өтінім қабылдау арқылы Чикаго, Даллас, Детройт пен Лос-Анджелес сияқты қалалардағы агенттіктерде де ұйымдастырылады.

Мерейтойлық паспорттың ішкі бетінде Дональд Трамптың портреті, АҚШ Тәуелсіздік декларациясының мәтіні мен алтын түсті қолтаңба орналастырылған. Құжатты рәсімдеу стандартты мемлекеттік баж салығы бойынша жүргізіледі.

Көп оқылғандар