Categories Әлем

АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттермен тексеруден өтті

Сурет: ESPN Centroamérica

АҚШ 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысты ерекше оқиғаларымен көзге түсіп келеді. Бұл жолы көпшіліктің назары Өзбекстан құрамасына ауды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нидерландқа қарсы жолдастық ойын алдында өзбек футболшылары мен бапкерлер штабы Нью-Йорктегі стадионға кірер кезде күшейтілген тексерістен өтті. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Кадрларда қауіпсіздік қызметкерлерінің арнайы қызметтік иттермен бірге Өзбекстан құрамасының ойыншыларын мұқият тексеріп жатқаны көрінеді.

Қосымша тексерістен команданың бас бапкері, аты аңызға айналған италиялық маман Фабио Каннаваро да өтті.

Бұл АҚШ-та өтетін алдағы мундиаль төңірегіндегі алғашқы даулы жағдай емес. Бұған дейін Иран құрамасына ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға шектеу қойылған еді. Команда Мексикаға жайғасып, АҚШ-қа тек матч күндері ғана келетін болды.

Сондай-ақ америкалық билік ӘЧ-2026 турниріне төреші ретінде шақырылған сомалилік арбитр Омар Артанды елге кіргізбей қойған.

Ұқсас жазбалар

Түркістанда түркі мемлекеттерінің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті.

Қазақ-қытай ғалымдары шегірткеге қарсы жаңа биопрепарат сынады

Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді.

АҚШ-тың Apache тікұшағы құлағаннан кейін Трамп мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазында патрульдік қызмет атқарған америкалық әскери…