Ақорда

Ақордада мемлекеттік Ту көкке көтерілді

Бүгін Ақордада Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Рәсімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Құрмет қарауылының басшысы Президентке рапорт беріп, содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтерілді. Әнұран орындалып, шара ерекше салтанатты жағдайда өтті.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірлерінде де жалғасын табады.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *