Categories Саясат

«AMANAT» съезі «Әділет» партиясына қосылуды қолдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

«AMANAT» партиясының съезінде партия мүшелері, Парламент депутаттары және өңірлік ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, «AMANAT» пен «Әділет» партияларын біріктіру бастамасын қолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов елдегі реформаларды жалғастыру, қоғамдық келісімді нығайту және мемлекет пен қоғам мүддесі үшін күш біріктірудің маңызын атап өтті.

«Біз бірлесіп, бір пропрезиденттік күш ретінде заманауи Қазақстанды құруымыз керек. Өз идеяларымыз бен ұстанымдарымыздан бас тартпаймыз, оларды жаңа деңгейге көтереміз», деді Ерлан Қошанов.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченконың айтуынша, бұл шешім уақыт талабына сай қабылданып отырған маңызды қадам болып отыр.

«Біз бұл шешімді дер кезінде қабылданған бастама деп санаймыз. Түптеп келгенде, оның басты мақсаты – Тәуелсіздікті нығайту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, Қазақстан халқының бірлігін күшейту және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы белгіленген бағытты табысты іске асыру үшін ұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттар төңірегінде күш біріктірудің маңызын бірнеше рет атап өтті», деді ол.

Оның сөзінше, партиялардың бірігуі жинақталған тәжірибені, қоғамдық әлеуетті ел дамуының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі, партияның Әйелдер қанатының тең төрағасы Үнзила Шапақ Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан саяси реформалар елді жаңғыртудың негізіне айналып, жаңа Конституцияның қабылдануына ықпал еткенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң мемлекеттік құрылымның әділеттілік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың саяси процеске қатысу мүмкіндігін кеңейткен.

Ал депутат Нұрсұлтан Байтілесов елдегі реформалар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашқанын, бүгінгі жас буын қоғамдық бастамалармен қатар заң шығару процесіне де белсенді қатысып жатқанын жеткізді. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясына қосылу туралы шешімді қолдап дауыс берді.

Ұқсас жазбалар

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті  

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық…

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық: кімдер кешірімге ілігеді

Биыл жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елімізде кезекті рақымшылық науқаны жүргізіледі. Бұл жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен…

Мәжіліс төрағасы Қырғыз Парламентінің спикерін қабылдады

Қырғыз Парламентінің спикері Марлен Маматалиев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен…