Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аталған ұйымды құру бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Ол 2022 жылы Астанада өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде қолдауға ие болды. Ұйымның негізгі міндеттерінің бірі – қатысушы елдердің гуманитарлық байланысын нығайтып, өзара ынтымақтастығын дамыту.
Кездесу барысында Арман Қырықбаев пен Наталья Бочарова мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, кітап шығару ісін, сондай-ақ әдеби және фольклорлық мұраны кеңінен таныту жолдарын талқылады.
Кездесу соңында тараптар келешегі бар бірлескен жобаларды пысықтауға дайын екенін білдірді.
