Categories Саясат

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мәлімдемесі: Әділетті Қазақстан – ортақ бағыт

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия Саяси кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіріп, жұмыла жұмыс істеуге шақырған мәлімдеме қабылданды. Отырысқа Саяси кеңес пен партия Бюросының мүшелері, Орталық аппараттың басшылығы, өңірлік филиалдардың төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.

Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысының Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде ел дамуының жаңа бағытын айқындап, барлық салауатты әрі прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегіне топтасуға шақырғанын атап өтті. Осыған байланысты «AMANAT» жауапты саяси партия ретінде Мемлекет басшысының үндеуін толық қолдайды және елді дамытуға бағытталған ауқымды президенттік күн тәртібін жүзеге асыру жолында еңбек етуге дайын барлық күштермен өз әлеуетін біріктіруге дайын.

«Бүгін біз осы тарихи кезеңнің маңызын терең түсінуіміз керек. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ешқандай асыра сілтеусіз айтар болсақ, бұл – халқымыз қолдаған Президентіміздің аса ірі жетістігі әрі саяси жеңісі. Енді біздің алдымызда жаңа Конституцияда белгіленген барлық мақсатты жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл – жалғыз атқаруға келмейтін күрделі жұмыс. Ол бізден жұдырықтай жұмылуды, бірлік пен келісімді талап етеді. Бүгін біз қоғамға жауапкершілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетуіміз қажет», деді Ерлан Қошанов.

Отырыста Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жаңа Конституция күшіне енуінің тарихи маңызын атап өтіп, қоғамдық-саяси күштерді мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттері төңірегінде топтасуға шақырды. Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев Президент бастамашы болған реформалар өңірлердің серпінді дамуына ықпал етіп, жүргізіліп жатқан өзгерістерге деген азаматтар сенімін нығайтып отырғанын айтты. Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі Нұрбек Қарасаев мемлекеттің ауқымды қоғамдық-саяси жаңғыруы жағдайында қоғамдық келісім мен бірлікті сақтаудың маңызына назар аударды. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Ата Заңның күшіне енуі жаңа саяси кезеңді ашатынын айтып, ел тәуелсіздігін нығайту жолында күш-жігерді біріктіруге шақырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Ташкентте C5+1 форматындағы кездесу аясында Аида Балаева мен Озодбек Назарбеков мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

КНБ: Бір айда 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді

2026 жылғы мамырда ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң қандай мәселелерді реттейді?

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң қабылданды.