Әлем

Алматы – Лангкави бағыты бойынша тікелей рейстер ашылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Халықаралық бағыттарды кеңейту және бар маршруттар бойынша ұшу санын көбейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Air Astana» әуе компаниясы 2026 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Алматы – Лангкави (Малайзия) бағытында тікелей маусымдық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo ұшақтарымен орындалады.

Жаңа бағыт Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге және Малайзиямен туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Швейцария арасында тікелей әуе рейстерін ашуға мүмкіндік беретін жаңа келісімдер жасалды. Астанада екі елдің авиациялық құрылым басшылары келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұған қоса, Көлік министрлігі Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстер ашуға дайындық жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Көп оқылғандар