Ақорда

Әуежайда тексеріссіз өтетін лауазымды тұлғалардың тізімі жаңартылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан әуежайларында тексеруден босатылатын және арнайы VIP-залдарды пайдаланатын адамдардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысы 17 шілдеден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа ереже бойынша вице-президент алғаш рет тексеруден босатылатын лауазымды тұлғалар қатарына енгізілді. Ол сондай-ақ арнайы қызмет көрсетілетін VIP-залдарды пайдалана алады.

Тізімге Құрылтай төрағасы мен Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы да енген. Сонымен қатар арнайы VIP-залдарды пайдалану құқығына Президент, Премьер-министр, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, Құрылтай комитеттерінің төрағалары мен депутаттары, Конституциялық сот аппаратының басшылары және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар басқаратын ресми делегация мүшелері ие.

Көп оқылғандар