Сурет: Egemen Qazaqstan
11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні жартылай финалға шығатын тағы екі команда анықталады. Жартылай финалдың жолдамасы үшін Англия мен Норвегия, сондай-ақ Аргентина мен Швейцария құрамалары таласқа түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалистері белгілі болды. Франция финалға шығу жолдамасы үшін Испаниямен кездеседі. Енді плей-оффтың келесі кезеңіне жолдама алу кезегі Норвегия мен Англияға келді.
Еуропаның екі құрамасы арасындағы кездесудің басты бәсекесі турнирде керемет ойын көрсетіп жүрген сұрмергендер Эрлинг Холанд пен Харри Кейннің жеке текетіресі болмақ.
Ал әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина Швейцариямен күш сынасады. Лионель Месси өз командасына кезекті жеңіс сыйлап қана қоймай, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде жеке-дара көш бастауға да ұмтылады.
Мазмұнға өту
