Спорт

ӘЧ-2026: соңғы ширек финалдық матчтарды қайдан көруге болады

Сурет: mannattvpunjabi.com

12 шілдеде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының соңғы ширек финалдық ойындары өтеді. Бұл матчтардың нәтижесінде турнирдің барлық жартылай финалистері белгілі болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де Норвегия мен Англия құрамалары АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Гарденс қаласындағы «Хард-Рок» стадионында кездеседі. Бұл матчты Qazsport телеарнасы тікелей көрсетеді.

Сағат 06:00-де қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы жартылай финалға шығу үшін Швейцариямен ойнайды. Кездесу АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласындағы «Арроухед Стэдиум» аренасында өтеді. Бұл ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей көруге болады.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық матчы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді. Бұған дейін жартылай финалға Франция мен Испания құрамалары жолдама алған.

Көп оқылғандар