Сурет: Egemen Qazaqstan
7 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті тіркелді. Бірі Батыс Қазақстан облысында, екіншісі Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысындағы өрт ошағын «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеу тобы анықтаған. Өрт туралы ақпарат түскеннен кейін орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары және мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Қазір елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Мамандар мемлекеттік орман қоры аумағында әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Мазмұнға өту
