Categories Жайық news

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

Сурет: Pexels

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста қатты жел соғады, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаңбыр күтіледі.

Оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстік, шығыс, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында күндіз 35-40 градус ыстық болады.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…