Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 19 шілде, жексенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27°C, күндіз +40…+42°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +26…+28°C, күндіз +45…+47°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы – 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +30…+32°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5–10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 6–11 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +24…+26°C, күндіз +36…+38°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +32…+34°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +41…+43°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Кей жерлерде тұман түсіп, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +27…+29°C, күндіз +41…+43°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +36…+38°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +40…+42°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +43…+45°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +28…+30°C, күндіз +46…+48°C.
Оралда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C.
Мазмұнға өту
