Сурет: istockphoto.com
16 қарашада Қазақстанның бірнеше аймағында қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада түнде жолдарда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматыда, Қонаевта және Іле Алатауының таулы бөліктерінде түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде де түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтауда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Орал қаласында түнде жауын-шашын түсіп, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Қостанайда да осындай ауа райы болжанып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батысында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз кей жерлерде 25 метрге жетуі мүмкін. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда да тұман түсіп, түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі, Алакөл көлдері маңында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Талдықорғанда да түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысының батысында, шығысында және орталығында, сондай-ақ Павлодар қаласында тұман күтіледі. Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және күнделікті тіршілікте сақ болуға шақырады.
Мазмұнға өту
