Қоғам

106 млн теңге алаяқтық: күдікті Ресейден экстрадицияланды

Сурет: Бас прокуратура

Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, 2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлік сатып алу және жеткізу сылтауымен үш жәбірленушіні алдап, олардың 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыс жасаған соң күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Он күн бұрын Бас прокуратура есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ мүшесін Ресейден экстрадициялаған болатын.

Көп оқылғандар