1 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар тіркеледі. Найзағай мен бұршақтан басқа, күшті жел мен шаңды дауыл да күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында да ауа райы тұрақсыз болмақ. Жергілікті тұрғындарға дауыл кезінде абай болу ұсынылады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда көлік жүргізу қауіпті болуы мүмкін. Мамандар үйден шықпауға немесе қауіпсіз жерде баспана іздеуге кеңес береді.

