Орал қаласында аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.
Еліміздің 13 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысқан ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте III орын иеленді.
Жарыс нәтижесінде:
🥇 I орын — Ақтөбе облысы
🥈 II орын — Түркістан облысы
🥉 III орын — Батыс Қазақстан облысы
Жеке салмақ дәрежелерінде Батыс Қазақстан облысының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥇 Бейбітұлы Бекарыс — 87 келі
🥈 Ғайнуллин Мерей — 57 келі
🥈 Мұсаев Бекзат — 62 келі
🥈 Айтқали Мұхаммед-Әли — 74 келі
🥉 Абуов Нұрсұлтан — 57 келі
🥉 Құсайынов Асуан — 67 келі
🥉 Кенжебаев Абай — 67 келі
🥉 Сатыбалды Бексұлтан — 87 келі
🥉 Қойбағаров Рүстем — 94 келі
🥉 Қосмағұлов Қайнар — +100 келі
Айта кетейік, Бейбітұлы Бекарыстың 87 келі салмақтағы жеңісі — Батыс Қазақстан облысы спортшыларының ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы соңғы тоғыз жылдағы алғашқы алтыны.
