Спорт

Зинедин Зидан Франция құрамасын басқаруы мүмкін

Сурет: Associated Press

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешамнан кейін бұл лауазымды Зинедин Зидан иеленуі ықтимал. Аңызға айналған футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң команданы басқаруға келісім берген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздердің айтуынша, 54 жастағы маман «Ле Блэ» сапында Дешамның орнын басады. Зиданның ұлттық құрамадағы келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін жоспарланған. Танымал инсайдер Фабрицио Романо да Франция құрамасының жаңа бас бапкері Зидан болатынын растады.

Ол 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін өтетін матч Дешам үшін Франция ұлттық құрамасының бас бапкері ретіндегі соңғы кездесу болатынын атап өтті.

Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдың шілдесінен бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен «үш түсті» команда Еуро-2016 финалына жетіп, 2018 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды, 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды және 2021 жылы Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Зинедин Зидан 2021 жылдан бері жұмыссыз жүр. Сол жылы ол мадридтік «Реал» клубының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Зидан «Реалмен» екі кезеңде (2016-2018 және 2019-2021 жылдары) жұмыс істеп, 11 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде Чемпиондар лигасында қатарынан үш рет – 2016, 2017 және 2018 жылдары жеңіске жетті.

Көп оқылғандар