Қоғам

Астанада бұршақ жауды: ауа райы болжамы расталды

Сурет: Egemen.kz

Бүгін Астанада ауа райы күрт суытып, жаңбыр жауып, кейін бұршаққа ұласты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандары бүгін Ақмола облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болатынын алдын ала болжаған.

Бұршақ — жылы мезгілде найзағай мен нөсермен бірге түсетін, ірілі-ұсақ мұз түйіршіктерінен тұратын атмосфералық жауын-шашын түрі.

Айта кетейік, «Қазгидромет» он күн бұрын жасаған ұзақ мерзімді болжамында кейбір өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен еді.

Көп оқылғандар