Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
А тобында Тихон Варехин 1520 ұпаймен төртінші орынды иеленсе, Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы болды.
В тобында Кирилл Стадник 8-орынға тұрақтаса, Лев Чувашов 6-орынды еншіледі.
Осылайша, төрт қазақстандық спортшы да финалға жолдама алды.
Финал 20 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында басталған XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан Қазақстанның үш спортшысы әйелдер арасындағы финалға жолдама алған болатын.
