Спорт

President Cup: Қазақстан таеквондодан тағы бір жүлде алды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup турнирінде тағы да жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдеге ие болған еді. Енді ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Азия Ниязов үшінші орынды иеленді. Халықаралық турнир 20 тамызға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, маусым айында Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open халықаралық турнирінде бірінші орын алған болатын. Сол кезде спортшылар 5 алтын, 6 күміс, 16 қола жүлдеге ие болды.

Көп оқылғандар