Спорт

Зинедин Зидан Франция құрамасын баптауы мүмкін

Сурет: Associated Press

Франция ұлттық құрамасын Дидье Дешамнан кейін Зинедин Зидан басқаруы ықтимал. Аңызға айналған футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң команданы қабылдап алуға дайын, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздердің айтуынша, 54 жастағы маман «Ле Блэ» сапында Дешамның орнына келеді. Зиданның ұлттық құрамадағы келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін жоспарланған. Танымал инсайдер Фабрицио Романо да Франция құрамасының жаңа бас бапкері Зидан болатынын растады.

Ол 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін матч Дешам үшін Франция ұлттық құрамасының бас бапкері ретіндегі соңғы ойын болатынын айтты.

Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдың шілдесінен бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен «үш түсті» команда Еуро-2016 финалына шығып, 2018 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды, 2022 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды және 2021 жылы Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Зинедин Зидан 2021 жылдан бері жұмыссыз. Сол жылы ол мадридтік «Реал» клубының бас бапкері қызметінен кеткен еді.

Зидан «Реалмен» екі кезеңде (2016-2018 және 2019-2021 жылдары) жұмыс істеп, 11 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде Чемпиондар лигасында қатарынан үш рет – 2016, 2017 және 2018 жылдары жеңіске жетті.

Көп оқылғандар