Сурет: istockphoto.com
Жыл басынан бері 200 адам мемлекеттік шекарадан жалған немесе бөтен адамның құжатымен өтуге әрекеттенген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шекара қызметінің мәліметінше, мұндай заң бұзушылықтар көбінесе мемлекеттік шекараның оңтүстік учаскелерінде және халықаралық әуе рейстерінде тіркелген.
«ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде жалған немесе бөгде құжаттары бар адамдарды елге кіргізбеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. 2025 жылы осындай 661 құқықбұзушылық тіркелгенін атап өткен жөн», делінген хабарламада.
Мазмұнға өту
