Categories Қаржы

Жүргізуші куәлігі мен көлік нөмірін үйге тапсырыспен алу мүмкіндігі пайда болды

Сурет: Ашық дереккөз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа қызметті іске қосты. Енді Қазақстан тұрғындары дайын жүргізуші куәлігін, көлік құжаты мен нөмірін тапсырыспен үйге алдыра алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, бұл қызмет өтінім берілген елді мекен аумағында ғана қолжетімді.

«Бүгінде азаматтар үшін уақытты үнемдеу мен мобильділік аса маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қосымша баруды қажет етпейтін форматта ұсынуды дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметін іске қосу – цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам», деді мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Өтінім сағат 17:00-ге дейін берілсе, құжаттар сол күні жеткізіледі. Ал өтінім кешірек рәсімделсе, тапсырыс келесі жұмыс күні орындалады.

Ұқсас жазбалар

Олимпиадаға қатысқан әр спортшыға 10 мың доллар берілуі мүмкін

Халықаралық Олимпиада комитеті спортшыларды қолдау үшін жаңа бағдарламаны іске қосты. Енді Олимпиада ойындарына қатысқан әрбір…

Қазақстанда келесі жылдан бастап қағаз еңбек кітапшалары жойылуы мүмкін

Қазақстанда қағаз еңбек кітапшалары келесі жылдан бастап жойылуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік…

Ауылдық жолдарға асфальт төсеу тоқтатылады

Қазақстанда автомобиль жолдарын жөндеу нормативтері өзгертілді. Енді көлік қозғалысы сирек учаскелерде асфальт-бетонның орнына басқа шешімдер…