Спорт

Жібек Құламбаева Испаниядағы ITF W100 турнирінде жеңімпаз атанды

Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испаниядағы Маспаломас ITF W100 турнирінің жұптық сынында финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жібек Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен бірге жарыстың 2-ракеткасы ретінде тіркелген еді. Олар финалда турнирдің 3-ракеткалары – швециялық Лиза Заар мен чехиялық Доминика Салковамен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық-чехиялық жұп 5:0 есебімен алға шықты. Қарсыластар есепті қысқартқанымен, Жібек пен Анна басымдықты сақтап, 6:3 есебімен сетті өз пайдасына шешті.

Екінші сетте тағдыр тай-брейкте шешілді – 7:6 (7:3). Матч 1 сағат 34 минутқа созылды.

Осылайша, Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова Маспаломастағы турнирде чемпион атанды.

Көп оқылғандар