Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Қазақстан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне рекордтық көмек көрсетуде. Әрбір ардагер 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қаржылай қолдау – мемлекет тарапынан жасалып жатқан ең ірі шаралардың бірі. Жалпы, елімізде 200-ге жуық соғыс ардагері мен 70 мыңнан астам тыл еңбеккері тіркелген. Олардың барлығы осы төлемді алады.
«Біз ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпауымыз керек. Олардың бейбіт өмірімізге қосқан үлесі – баға жетпес. Сондықтан мемлекет оларды қолдауға басымдық береді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.
Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көш бастап тұр. Өзге мемлекеттерде мұндай көлемді төлем қарастырылмаған. Сонымен қатар, өңірлерде ардагерлерге тұрмыс жағдайын жақсарту үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.
БҚО-да да ардагерлерді қолдау шаралары қызу жүріп жатыр. Орал қаласындағы ардагерлер үйіне қажетті құрал-жабдықтар таратылып, әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге арналған салтанатты шаралар өтеді.

