Спорт

Жасөспірімдер құзға өрмелеуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы U19 санатында «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды. U17 жас санатындағы эстафеталық жарыста ерлер құрамасы екінші қола жүлдені ел қоржынына салды.

«Боулдеринг» бәсекесінде Кымсан Цой 20-орын, Глеб Семешкин 26-орын, Евгений Ким 27-орынды иеленді. Әйелдер арасында Лейла Геккеева Виктория Ильницкая, Амира Қайсар 19-орын, Яна Войтович 23-орыннан көрінді.

«Қиындық» сайысында Глеб Семешкин 18-орын, Евгенний Ким 22-орын, Матвей Павлов 24-орынға табан тіреді. Әйелдер бәсекесінде Виктория Ильницкая 16-орын, Лейла Геккеева 17-орын, Яна Войтович 18-орын, Амира Қайсар 20-орынға шықты.

«Жылдамдық» бағдарламасында Роман Курассов тоғызыншы орынға ие болды. Рашид Хайбуллин 10-орынға орналасса, Әлихан Татамбай 11-орын, Дмитрий Ананьев 14-орынды еншіледі. Ал әйелдер арасындағы сайыста Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орынға шықса, Арина Новицкая 9-орын, Виктория Ильницкая 13-орын, Ралина Абдулова 14-орынға табан тіреді.

U17 жас санатындағы «боулдеринг» сайысында Егор Некрещенный 13-орын, Евгенний Корнеев 18-орын алды. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 24-орынға орналасты.

«Қиындық» бағдарламасында Евгенний Корнеев 18-орын, Егор Некрещенный 21-орыннан көрінді. Әйелдер арасында Анна Семешкина 20-орын, Арина Панченко 27-орынға ие болды.

Ал «жылдамдық» санатында Давид Кононов 12-орын, Арсений Тен 15-орын, Вадим Сагинтаев 19-орынға жайғасты. Әйелдер құрамасының сапында Таиссия Носкова 14-орын, Амели Аскарова 17-орын, Анастасия Андриенко19-орын, Анастасия Выродова 21-орынмен жарыста аяқтады.

2024 жылы Қазақстан Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу жарысына қатысқан еді. Сол додада Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеу сайысының «жылдамдық» дисциплинасында табысты өнер көрсетті.

Көп оқылғандар