Басты тақырып

Тоқаев Кореядағы қазақстандықтармен кездесті

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда оқып, жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарымен жүздесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Президент еліміздегі саяси реформалар мен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы айтты.

Жүздесуге қатысқан отандастарымыз Кореядағы оқу және еңбек жолындағы табыстарымен бөлісіп, алдағы жоспарларын әңгімеледі. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын қазақстандықтар мен студенттерге сәттілік тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөйлеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытатын басым бағыттарды атағаны белгілі.

Көп оқылғандар