Әлем

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35-ке жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жапонияның Кюсю аралында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 адамға жетті. Тағы 120-дан астам тұрғын түрлі жарақат алған. Аймақтағы құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 120-дан астам адам жарақат алған. Қазіргі уақытта Кумамото префектурасында үйінділерді аршу және іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарушыларға елдің Өзін-өзі қорғау күштерінің әскери қызметшілері көмек көрсетуде. Алайда жұмыстарға аптап ыстық кедергі келтіруде. Соңғы күндері өңірде ауа температурасы +39°C-қа дейін көтерілген.

Сонымен қатар, табиғи апаттан кейін өңірдегі 5 мыңнан астам тұрғын үй әлі күнге дейін электр қуатынсыз, ал 80 мыңға жуық адам ауыз сусыз отыр.

Еске салайық, 28 шілде күні Жапонияның Кюсю аралында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Көп оқылғандар