Сурет: БелТА
Токиоға іргелес Тиба префектурасындағы тұрғын үйде жарылыс болып, шамамен 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, оқиға Итикава қаласындағы үш қабатты тұрғын үйде болған. Салдарынан кемінде 20 адам жарақат алып, олардың екеуі ауруханаға жеткізілді.
Жарылыстан маңайдағы бірнеше үйдің терезелері сынған. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция мен құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Мазмұнға өту
