Басты тақырып

Жапонияда тайфун салдарынан 600-ге жуық рейс тоқтатылды

Сурет: istockphoto.com

Жапонияда қатты тайфун соқты. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 600-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тайфун елдің бірнеше аймағында қатты жел мен нөсер жаңбыр әкелді. Билік тұрғындарды сақ болуға шақырып, қажетсіз сапарлардан бас тартуға кеңес берді.

Әуежайлар жолаушыларға рейстердің кестесін алдын ала тексеруді ескертті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Көп оқылғандар