Сурет: ашық дереккөзден
Жапонияның Фукуи префектурасында нөсер жауын салдарынан үш қала тұрғындарына төтенше ескерту жіберілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Толассыз жауған жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына және елді мекендерді су басуына себеп болды.
Кацуяма қаласында бір тәулікте шамамен 400 миллиметр жауын-шашын түскен. Кейбір жерлерде топырақ шайылып, жолдар мен аумақтарға қауіп төнген.
Синоптиктер алдағы тәулікте опырылу мен көшкін қаупі жоғары екенін ескертті.
Тұрғындарға аса сақ болып, билік органдарының ескертулерін қатаң сақтауға шақырылды.
