Сурет: Egemen Qazaqstan
Жаңа Зеландия аспанында үлкен отты шардың пайда болғаны куәгерлердің кадрларына түсіп қалды. Түнгі аспанда жоғары жылдамдықпен қозғалған нысан бірнеше рет жарқ етіп, қатты дыбыс шығарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл құбылысты Fireballs Aotearoa метеорларды бақылау қызметі де тіркеген. Мамандар метеордың нақты ұшу траекториясын анықтау үшін бақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп жатыр.
Алдын ала бағалау бойынша, метеор Жер атмосферасына өте төмен биіктікте енген. Сондықтан оның кейбір бөліктері жерге құлауы мүмкін деген болжам бар.
Мазмұнға өту
