Қоғам

Тамызғы ҰБТ: 27 мың талапкердің 53%-ы шекті балл жинады

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 27 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 53 пайызы ғана шекті балды еңсерді. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 55 балды құрады, ал ең жоғары нәтиже 136 балл болды. Сондай-ақ, тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 98 талапкер қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ҰБТ барысында 66 ереже бұзушылық тіркелді. Оның 30-ы тыйым салынған заттарды (смартфон, шпаргалка) алып өту әрекетіне байланысты болды, нәтижесінде бұл талапкерлер тест тапсырудан шеттетілді. Тағы 36 адам аудиториядан шығарылды. Бөгде адамдардың қатысуы анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталған соң, 31 қазанға дейін бейнежазбалар сарапталады. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері расталса, тест нәтижелері жойылады.

Колледж түлектері, егер олар өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуды жалғастыруды жоспарласа, әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылдана алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының комиссиялары жүзеге асырады.

Көп оқылғандар