Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялау аясында 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның түсіндіруінше, декларацияда Қазақстан аумағындағы жылжымайтын мүлікті көрсету талап етілмейді. Құжатта тек шетелдегі мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сондай-ақ, декларацияда тек шетелдік банктердегі шоттардағы қаражат көрсетіледі. Егер олардың жиынтық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен асса, бұл мәліметті декларацияға енгізу міндетті.
Өткен жылы мемлекеттік қызметте кемінде бір күн жұмыс істеген бұрынғы мемлекеттік қызметшілер 270.00 нысанындағы декларацияны тапсыруы қажет. Ал қазіргі мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерде шот ашуға заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Олардың қатарында жұмыс, оқу, емделу немесе заңда қарастырылған басқа да негіздер бар.
Мазмұнға өту
