Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол ABC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Зеленскийдің сөзінше, келіссөздер Ресей аумағында өтпейді. «Мен Мәскеуге бара алмаймын, өйткені менің елім күн сайын зымыран шабуылдарына ұшырап отыр», – деді ол.

Бұған дейін Украина президенті келіссөздерді Киевте өткізуді ұсынған. Оның пікірінше, Путин кездесуді кейінге қалдыруға тырысуда. «Менің ұсынысым сол қалпы: ол Киевке келуі керек», – деді Зеленский.

Сонымен бірге, ол тек екіжақты емес, көпжақты форматтағы келіссөздерге де дайын екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…