Сурет: istockphoto
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Қазақстандағы мұнай мен газ қоры туралы жаңартылған деректерді жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде өндірілетін мұнай қоры 4,2 млрд тоннаны құрайды. Мемлекеттік есепте 319 мұнай кен орны тіркелген. А+В+С1 санатындағы қор – 2,8 млрд тонна, ал С2 санаты бойынша – 1,4 млрд тонна.
Сонымен қатар вице-министр 301 газ кен орнының қоры барын атап өтті. 171 кен орнындағы еркін газдың баланстық қоры 1,7 трлн текше метр, оның 1,2 трлн текше метрі А+В+С1 санатына жатады. 259 кен орнындағы еріген газ қоры 2 трлн текше метрге жетеді.
Өндірілетін ресурстардың негізгі бөлігі – шамамен 70 млрд тонна – Каспий маңы, Үстірт-Бозащы, Маңғыстау және Оңтүстік Торғай шөгінді бассейндеріне тиесілі. Қалған 6 млрд тоннаға жуық қор әлеуеті төмен әрі аз зерттелген шөгінді бассейндерде орналасқан.
Мазмұнға өту
