Әлем

Венесуэлада хантавирустан үш адам қайтыс болды

Сурет: istockphoto.com

Венесуэлада хантавирус жұқтырған үш адам көз жұмды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, індет Ансоатеги штатында тіркелген. Қаза болғандардың жеке басы туралы ақпарат жарияланбады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар министрлік Баринас штатында екі медицина қызметкерінің белгісіз себеппен қайтыс болғанын, бірақ бұл жағдайлардың хантавирусқа қатысы жоқ екенін атап өтті.

Венесуэла билігі қазір індеттен бөлек, 25 маусымдағы жойқын жер сілкінісінің салдарымен күресуде. Зілзаладан қаза тапқандар саны бір айда 5 000-нан асты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушысы болған 14 испан азаматының хантавирус жұқтырғанын растаған еді.

Көп оқылғандар