Спорт

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Сурет: ІІМ Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, капитан Қымбат Ахметова контакт джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16-19 шілде аралығында Алматыда өткен құрлықтық біріншілікте спортшы барлық қарсыластарынан басым түсіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Ұлттық ұлан бұл жетістік спортшының жеке жеңісі ғана емес, 6654 әскери бөлімінің және Қазақстанның мерейін үстем еткен маңызды нәтиже екендігін атап өтті.

«Бұл жеңіс капитан Қымбат Ахметованың жоғары кәсіби дайындығының, табандылығы мен жеңіске деген жігерінің жемісі болды. Ол халықаралық жарыста Қазақстанның көк Туын биікте желбіретіп, ел намысын абыроймен қорғады. Бұл жеңіс жас әскери қызметшілерге жігер беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен тұрақты айналысуға үндейтін жарқын мысал», — делінген Ұлттық ұланның хабарламасында.

Көп оқылғандар