Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондар мен басқа да мобильді құрылғыларды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сатуға шығармас бұрын кәсіпкерлер телефонның IMEI-кодын арнайы база арқылы тексеріп, құрылғының бұғатталмағанын және елге заңды жолмен әкелінгенін растауы тиіс.
Талапты бұзғандарға айыппұл салынады. Оның мөлшері жеке тұлғалар үшін 90 АЕК-тен, ал ірі бизнес үшін 600 АЕК-ке дейін жетеді.
Сатып алушы да құрылғының мәртебесін IMEI арқылы тексере алады. Егер оған верификациядан өтпеген телефон сатылса, тауарды ауыстыруды, бағасын төмендетуді немесе ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Сонымен қатар жеке тұлғалар өз пайдалануы үшін шетелден жылына екі реттен артық телефонды, мобильді құрылғыны верификациялауға рұқсат берілмейді.
Мазмұнға өту
