Сурет: ашық дереккөз
Нобель қоры биыл лауреаттарға берілетін сыйақыны 9%-ға көбейтіп, әр санат бойынша 12 миллион швед кронасына (шамамен 1,22 миллион доллар) жеткізбек. Бұл туралы қордың атқарушы директоры Видар Хельгесен мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Сыйақы мөлшерін арттыру арқылы біз Нобель сыйлығының ұзақ мерзімді маңыздылығын сақтап, марапаттың қаржылық құндылығының уақыт өте келе өз мәнін жоғалтпауын қамтамасыз етеміз», деп атап өтті ол.
Биыл физика, химия, бейбітшілік, әдебиет, экономика және физиология немесе медицина салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары 5 пен 12 қазан аралығында жарияланады. Марапаттау рәсімі алғашқы Нобель сыйлығының табысталғанына 125 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр.
Нобель сыйлығы XIX ғасырдағы швециялық кәсіпкер, динамитті ойлап тапқан Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес тағайындалған. Алғашқы марапаттау рәсімі 1901 жылы өткен.
