Сурет: Жайық Пресс
Уральскідегі сауда үйлерінің бірінде әйел банкоматқа 600 мың теңгеден астам ақша салған. Техникалық ақаулықтан ақша картаға түспей, купюра қабылдағышта қалып қойған. Артынан келген ер адам оны алып кеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция жедел түрде 45 жастағы Уральск тұрғынын анықтап, ұстады. Ақша иесіне қайтарылды, сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Полиция ескертеді: ақшаның есепшотқа түскеніне және операцияның аяқталғанына көз жеткізбейінше, банкоматтан кетпеңіз.
